Оралда тəртіп сақшылары шетелдік нөмірлі көліктерге құрық салды
Соңғы уақытта өзге елде тіркелген, біздің мемлекетте есепке алынбаған көліктер саны артты. Бір өкініштісі-осы автокөліктер қаншама рет ереже бұзса да айыппұлдан жалтарып, салықты да төлемей тайраңдап келген болатын. Енді оларға да тұсау салынып жатыр. Шетелдік нөмірлі көлік иелері жол ережесін бұзған жағдайда қатаң жазаланатын болады. Осындай көлікті тақымдағандардың жол-көлік апатына жиі тап болып, ереже бұзуы қолданылар шараны қатаңдатуға себеп болған. Яғни бақылау күшейтіледі. «Автоураган» ақпараттық-бағдарламалық кешені арқылы былтырдан бастап ереже бұзған 300-ден аса көлік иесі əкімшілік