Оралда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Департамент таратқан ақпаратқа сүйенсек, 20 қаңтарда сағат 22:52-де қызыл жалын Самал көшесінде орналасқан үйдің алтыншы қабатында тұтанған.

Құтқарушылар алты адамды құтқарды. Оның ішінде төртеуі бала. 30 тұрғын өз бетінше эвакуацияланған. Тілсіз жауды сөндіру үшін сегіз техника мен жеке құрамның 24 адамы жұмылдырылыпты.

Өрт сөндірушілер баспалдақ алаңында тұтанған тілсіз жауды көп ұзамай ауыздықтапты.