• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда үйі сүрілген азаматтар уақытша баспаналы болды

25 адам тұрғын үй қорынан баспанамен қамтылды.
Оралда үйі сүрілген азаматтар уақытша баспаналы болды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Оралда тұрғын үйлерді «Реновация» бағдарламасымен сүрілген үйлердің иелері баспаналы болды. 2021 жылдан бері апатты қонысы сүрілген 25 тұрғын күні бүгінге дейін үйсіз күнелтіп келген. Мәселені Орал қаласының прокуратурасы шешіпті. Баспанасыз қалған жандар прокуратураға шағымданған. Тексеріс нәтижесінде құрылыс компаниясы өз міндетін орындамағаны анықталған. Прокурорлар шағым мен құжаттарды мұқият зерделепті. 

- Азаматтардың уәждері мен құжаттарды зерделеген қала прокуратурасы әкімдікке ұсыну енгізіп, оның нәтижесінде 25 азамат тұрғын үй қорынан баспанамен және қажетті әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етілді, - деп хабарлады Орал қаласының прокуратурасы.

Прокурорлар таратқан ақпаратқа сүйенсек, баспанасынан қорынан берілген үй уақытша тұруға берілген. Бүгінгі таңда тұрғындар уақытша үйіне әлі көшіп үлгермепті. Прокурорлар олар жақында көшіп барады деп сендірді. 

Главный баннер --> after article