13 мамырда Оралда заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес береді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Заңға қолжетімділік» атты ашық есік күні Исатай-Махамбет көшесі 84 мекенжайында орналасқан «Халыққа қызмет көрсет көрсету орталығында» өтеді. Акция аясында тұрғындар отбасылық дау, алимент, әлеуметтік төлемдер, азаматтардың құқықтарын қорғау және өзге де сауалдары бойынша заңгерлерге жолыға алады.

Ашық есік күні сағат 10.00-де басталмақ.