Оралда жаңа кардиологиялық орталық қолайлы орынан салынбақ
Жүрегі сыр беріп, науқастанған жандарды емдейтін орталық қалалық көп бейінді аурухана жанынан бой көтермек, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталының тілшісі. Ғимарат 5 қабатты, 160 орынға лайықталған. Осыған дейін қала жəне облыс тұрғындары Деркөл кенті бағытына қатынайтын ауданда орналасқан кардиологиялық орталықта емделіп келген болатын. 2003 жылы жұмысын бастаған бұл медициналық мекеме 140 науқасты емдеуге арналған. Алайда жүрегі ауратын науқастар күннің ыстығы мен ауа райының қолайсыздығында күрт артып, емдеу орнына сыймай келген болатын. Тіпті оларды керуеттерімен дəліздерде жатқызуға тура к