Оралда жаңа мектеп салынып жатыр
Зашаған кентінде 51-ші мектептің құрылысы басталып отыр. Оқу ордасы автокөлікке қызмет көрсету орталығына таяу орналаспақ. Жоба құны -1 млрд. 750 млн. теңге. Бүгінде іргетасы құйылып, қабырғасы жартылай көтеріліп қалған. -"Зашаған кентінде бала санының көптігінен мектептерге салмақ түсіп отыр. Осы мəселені шешу үшін бірнеше мектеп салу қажеттігі туындады. Мына жаңа мектеп ғимараты 900 орынға лайықталған. Жұмысты 2021 жылдың ақпанында аяқтап тапсыруымыз керек. Бұдан өзге алда тағы екі білім беру нысаны бой көтереді деп күтіліп отыр",- дейді БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ақжол Оха