Оралда жаңарған кітапхана оқырмандарға табысталды
Қала күніне орай тапсырылған нысандардың бірі осы болды. Зашаған кентінде орналасқан кітапхана өткен ғасырдың сексенінші жылдарында бой көтерген екен. 4000-дай оқырманға қызмет көрсететін нысанды жөндеуге 7 млн. теңгеден аса қаражат жұмсалған. Жаңғыртылған соң заман талабына сай қажетті техникамен, керек-жарақпен жабдықталып отыр. Кітап құмарларға арналған рухани мәдениет ошағы коворкинг орталығының қызметінде қатар алып жүретін болды. Жібек бау қиылып, ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Абат Шыныбеков бұл рухани азық алар орын болады деп ойлаймын. Жастарға жағдай жасалып жатыр. Бәрі елбасы