• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда жалғыз баспанасы апатты деп танылғандар үйлі болды

Оралда 35 адам қоныс тойын тойлайды.
Оралда жалғыз баспанасы апатты деп танылғандар үйлі болды
БҚО әкімдігінің фотосы

Оралда жалғыз баспанасы апатты деп танылған жандар үйлі болды. Жаңа пәтерге 35 отбасы қоныстанбақ. Үй "Ақжайық" шағын ауданында салынған.

Аймақ басшысы жаңа үйдің кілтін табыстады.

Главный баннер

- Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қабылдауында болып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, соның ішінде халықты тұрғын үймен қамту саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндадым. Біз Президенттің тікелей қолдауымен су тасқыны салдарынан үйсіз қалған азаматтардың бәрін баспанамен қамтамасыз еттік. Кездесуде Мемлекет басшысына өңір жұртшылығының алғысын жеткіздім. Ал бүгін "Реновация" бағдарламасының жаңа бағыты бойынша жалғыз үйі апатты деп танылған азаматтарға алғаш рет пәтер табыстап отырмыз. Мұндай жұмыс жалғаса береді, - деді Нариман Төреғалиев.

"Реновация" бағдарламасы аясында баспаналы болған жандардың бірі - Дария Кабенова. Оның үйі 8 март көшесінде орналасыпты. Ескі үйдің шатыры құлап, тұруға жарамсыз болған.

- Мен - 8 март көшесі, 38 үйдің тұрғынымын. Ата-анам бар кезде 2003 жылдан бері үйді апатты деп тани алмай, тіркей алмай жүрді. Ата-анам өмірден өтіп, 2017 жылы мен кезекке тұрдым. Он жылға жуық уақыт өтіп, бүгін үйдің кілтін алдым. Баспанамыз ұнап жатыр. Іші әппақ, бәрі жаңадан. Үйіміз "Ақжайық" шағын ауданында орналасқан. Үш бөлмелі үй бұйырып жатыр. Үш бала-шағамды есептеп, апатты үйдің орнына осы шаңырақты берді, - деп қуанышымен бөлісті Дария Кабенова.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің таратқан мәліметіне сүйенсек, жалғыз үй апатты деп танылған 600-ден астам адам кезекте тұр. 200 тұрғын Орал қаласында тұрады.

Әкімдік жыл соңына дейін облыс орталығында осы санаттағы 180 жанұя жаңа пәтермен қамтылады деп хабарлады. Ал, Сырым ауданында 72, Тасқала ауданында 26 пәтер салынбақ.

Главный баннер --> after article