Оралда «жұмысқа орналастырамын»,-деп адамдардың сеніміне кіріп, қаражатын қалтасына басқан алаяқ ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, күдікті 40 жастағы ер адамды «қызметке тұрғызамын»,- деп тоғыз миллион теңгеден астам ақшасын алдап, иеленген. Қаражатты қалтаға басқасын алаяқ зардап шеккен адаммен байланысқа шықпай қойыпты.

– Қазіргі уақытта аталған факті бойынша 19 эпизод бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қосымша қылмыстық эпизодтар анықталуда. Егер сіз осы азаматтың әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз, полицияға жүгінуіңізді сұраймыз,–деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары сақ болуға және жұмысқа орналастыру, қызмету көрсету секілді мәселені шешу сылтауымен бейтаныс жандарға қаражат бермеу керектігін ескертеді. Күмән тудырған жағдайда бірден полицияға хабарласу керек.