Социум
Оралдағы «Аналар үйінде» 14 жас ана бесік тербетеді
Оралда қамқорлықсыз қалған жас аналарға арналған «Аналар үйі» бар екенін біреу білсе, біреу білмейді. Жетімді жылатпай, жесірді қаңғытпауға сеп болған бейімдеу орталығында бүгінде 14 жас ана бесік тербетеді. Тағдыр тәлкегімен жалғызбасты ана атанып, жақын-жуығының мейіріміне зәру болған жандармен біз де тілдесіп қайттық. Бұл үй жас аналардың жылы ұясына айналды. Әрқайсысының тағдыр-таланы әр түрлі болғанымен, басынан өткерген оқиғасы мен кешкен сезімі тым ұқсас. Сатқындық, аяққа тапталған ар-намыс пен жалғыздық. Жасжарымдағы баласын құшағына басқан Айман өткен күнді өкінішпен еске алады. Балал