Оралдық оқушының жобасы қан орталығында сынақтан өтуде
Астана қаласында инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасы мәресіне жетті. Байқауда Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Қуаныш Аманғалидың «Потенциалды қан тапсырушыларды іздеудің инновациялық жүйесі» деп аталатын жобасы үздік 10 жобаның қатарына енді. Олимпиаданы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірге, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының және Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды. «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы осы жы