Жақында президент халықаралық білім додасының жеңімпаздарымен кездесіп, оларды марапаттаған еді. Марапатқа ие болғандардың ішінде Оралдық өрен Шыңғыс Қарасаев та бар. Ол - Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі. Шыңғыс биыл мектепті аяқтап, бірнеше университеттің грантына ие болды. Оның таңдауы City University of Hong Kong университетіне түсіп, Шыңғыс студенттік өмірге қадам баспақ.
Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сүйенсек, Шыңғыс Қарасаев- республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарған өрен. Ол лингвистикадан Республикалық және Азия-Тынық мұхиты олимпиадасының алтын жүлдегері атанған. "Математика және жобалау" халықаралық жобалар байқауының І орын иегері, Бобер халықаралық информатика байқауының II дәрежелі диплом иегері, желілік жасанды интеллект олимпиадасының алғыс хат иегері, Тайвань елінде өткен лингвистика бойынша халықаралық олимпиаданың Құрмет грамотасы иегері атанды.
2026 жылдың тамыз айында Румынияның Бухарест қаласында өткен Лингвистика бойынша халықаралық олимпиаданың қола медалін еншіледі.