• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралдық оқушылар «Ұлттық тарих күні» атты республикалық байқауда топ жарды

Оралдық оқушылар республикалық байқаудан жеңімпаз атанды
Оралдық оқушылар «Ұлттық тарих күні» атты республикалық байқауда топ жарды
Орал қаласы білім беру бөлімінің фотосы

Оралдық оқушылары "Ұлттық тарих күні" байқаудың республикалық кезеңіне қатысты. Тартысты байқау Астана қаласында өтті. Жас өрендер тарихи зерттеу жобалары бойынша сынға түсті.

Сайыстың "Деректі фильм" бағыты, топтық жоғары дивизон бойынша №51 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары І орынды қанжығалапты. Жас ғалымдарды Ботакөз Жангалиева дайындаған.

Ал "Деректі фильм" бағыты,жоғары дивизион аталымы бойынша ІІ орынды Мәншүк Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейінің оқушысы иеленіпті. Жас өренді ұстаз Камила Шайхиева даярлапты.

"Деректі фильм" бағыты орта дивизион бойынша Мұстақым Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы ІІ орынға тұрақтаған. Дарынды оқушыға мұғалім Самал Жумашева жетекшісі болған.
 

Главный баннер --> after article