Оралдықтар жаңа Констутицияны қабылдау бойынша референдумда дауыс беріп жатыр. Облыс аумағында 489 референдум учаскесі жұмыс істейді. Соның бірі– №483 учаскесі. Учаске Орал қаласы, Гагарин көшесі 105/3 мекенжайында орналасқан. Мұнда 2415 адам тіркелген. Референдум учаскесі төрағасының таратқан ақпарына сүйенсек, сағат 12-ге дейін дауыс берушілердің 30 пайыздан астамы таңдау жасаған.
– Бұл- Гагарин 105/3 мекенжайында орналасқан №483 дауыс беру үй жайы. Біздің референдум учаскесінде төраға, хатшы, төрағаның орынбасары мен комиссия мүшесі бар. Жалпы тоғыз адам жұмыс істейді. Біздің учаскеде 2415 адам. Әзірге тұрғындар дауыс беріп жатыр.Қазір дауыс беріп жатырған жандардың – зейнет жасындағы жандар. 25 адам үйден дауыс береді. Кешке нақты есебін беріп, хабарлаймыз. Адамдардың келуі жақсы. Таңғы сағат жетіде учаске ашылғанда отыз адам осы жерде тұрды. Жанұясымен келген жандар көп. Ұлттық нақышта киінген адамдар да болды, – деп хабарлады №483 референдум учаскесінің төрағасы Арман Базаров.
№483 референдум учаскесінде төрт байқаушы дауыс беру процесін бақылап отыр. Олар қоғамдық бірлестіктің өкілдері екен. Учаскеде коммерциялық және халықаралық байқаушы тіркелмепті. Референдумның барысын бақылап отырған байқаушымен тілдестік.
– Мен ешбір мекемеден емеспін. Мен– Қазақстан Республикасының азаматымын. Бұл менің алғашқы тәжірибем. Маған осы дауыс беру процесі қызық болды. Маған ашықтық пен адалдық маңызды. Бұл процесстің қалай жүзеге асатынын көзбен көргім келді. Мен соңына дейін отырып, бақылағым келеді. Дауыс беру бірқалыпты өтуде. Менің байқаным дауыс беруге келген адамдардың кейбірі неге дауыс беретінін білмей,бір-бірінен сұрап жатты. Бұны естігенде көңілім-күйім түсіп кетті, – дейді байқаушы Айжан Амангельдинова.
№483 референдум учаскесінде ешбір құқық бұзушылық тіркелмепті. Учаске кешкі сағат сегізге дейін жұмыс істеп, кейін блютендерді санауға кіріседі.