• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтарға үндеу жариялады

Орталық сайлауу комиссиясы қазақстандықтарға Құрылтай депутаттарының сайлауына байланысты үндеу жариялады.
Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтарға үндеу жариялады
Автордың фотосы

23 тамызда қазақстандықтар Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс береді. Саяси доданың қарсаңында Орталық сайлау комиссия тұрғындарға үндеу жариялады. Сайлауды ұйымдастырға жауапты комиссия қазақстандықтарға дауыс беруге, тарихи кезеңде таңдау жасап, азаматтық жауапкершілік танытуға шақырады.

Жаз мезгілінде тұрғындар қыдырып, ел мен жерді аралайтынын белгілі. Орталық сайлау комиссиясы тұрғылықты жерінен алыс кеткен жандарға уақытша тіркелген мекенжайында сайлаушылар тізіміне ену керектігін еске салады.

— Сайлаушылардың тізімдерін жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жеріңіз бойынша тиісті сайлау учаскесінің аумағында тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізімдеріне жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде тұрақты тіркелген жері бойынша тізімнен шығарыла отырып, енгізіледі. Сайлау учаскелерінің шекаралары жəне учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы мəліметтерді тиісті əкімдер 2026 жылғы 16 шілдеге дейін жариялайтын болады. Сіз өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға жүгініп, өзіңіздің сайлау учаскеңізді жəне тізімге енгізілгеніңізді тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда əкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз. Сізге ыңғайлы болу үшін, жазғы демалыс факторын ескере отырып, сіздің есептен шығару куəлігін алу жəне өз елді мекеніңізден тыс жерде дауыс беру мүмкіндігіңіз бар. 2026 жылғы жетінші тамыздан бастап өзіңіздің сайлау учаскеңізде сізге Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға құқығы бар сайлаушылардың тізіміндегі өзіңіз туралы мəліметтерді тексеру мүмкіндігі беріледі, – деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтеді. Бірінші шілдеде президент тиісті жарыққа қол қойды. Жаңа Конституцияға сәйкес екі палаталы Парламент тарап, оның орнын Құрылтай баспақ.

Главный баннер --> after article