Атырау облысында пара дауына іліккен екі полицей қызметінен босатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Атырау облысының Мақат ауданында мас күйінде көлік басқарған жүргізушіден заңсыз ақша алған екі полиция қызметкері жұмыстан шығарылған.

Алдын ала мәліметке сәйкес тәртіп сақшылары жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатып, оны жүргізуші куәлігінен айырмау үшін 300 мың теңге алған. Алайда келісімге қарамастан, ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Осыдан кейін жүргізуші берілген ақшаны қайтаруды талап еткен. Ақыр аяғында ол ішкі қауіпсіздік қызметіне шағым түсірген.

24 желтоқсанда күдікті деп танылған екі полицей аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына арналған жиналыс кезінде ұсталды. Сол күні қылмыстық іс қозғалып, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша қызметкерлер теріс себептермен полиция қатарынан шығарылған.