• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Пойызда қандай заттарды алып жүруге тыйым салынған?

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарда алып жүруге тыйым салынған заттарды еске салады.
Пойызда қандай заттарды алып жүруге тыйым салынған?
КТЖ фотосы

Қазіргі таңда пойызбен қатынайтын жандардың саны артқан. Бірі– ел мен жер көрем деп қыдырса, енді бірі-баласын оқуға түсіруге, жұмыс бабымен, тіпті емделу үшін де осы қызметті пайдаланады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол керуенінде қандай заттарды алып жүруге тыйым салынғанын еске салды.

Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?

Главный баннер
  • Жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттар, пиротехникалық бұйымдар (салюттар, отшашулар және жарылыс қаупі бар өзге де заттар).
  • Радиоактивті және есірткі заттары, тез тұтанатын сұйықтықтар мен заттар, оның ішінде бензин, метил эфирі, метанол және т.б.
  • Өздігінен немесе оңай тұтанатын қатты заттар.
  • Сұйық немесе қатты күйдегі улы, күшті әсер ететін және уландырғыш заттар.
  • Жұқпалы немесе биологиялық қауіпті материалдар, заттар және оларды қамтитын бұйымдар.
  • Атыс қаруының барлық түрлері, оның ішінде лақтыратын, электрлік, механикалық, аралас, ұңғысыз травматикалық және газды қарулар, сондай-ақ, соққы беруге немесе жарақат салуға арналған заттар, қылыштар, семсерлер, сапылар, ятағандар, палаштар, шпага, найза ұштары, қанжарлар, кортиктер, стилеттер, кастеттер және кистеньдер.
  • Атыс және газ қаруына арналған оқ-дәрілер, оның ішінде жауынгерлік, жарық-дыбыстық, травматикалық, бос және жарақталған аңшылық патрондар.

Осы немесе жолаушылардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін заттарды алып жүрген адамдар тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Пойызға мінер алдында барлық жолаушылар теміржол вокзалдарында міндетті тексеруден өтеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ірі теміржол вокзалдарында рентген-телевизиялық тексеру қондырғылары, стационарлық және қол металл іздегіштері, сондай-ақ, портативті детекторлар орнатылған. Сонымен қатар бейнебақылау, күзет және дабыл беру жүйелері жұмыс істейді. Полиция қызметкерлері мен күзет қызметі тәулік бойы кезекшілік атқарады.


– Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыру мақсатында пойыздарға кезең-кезеңімен бейнебақылау жүйесі енгізілуде. Қазіргі уақытта компанияның 1 100 жолаушылар вагоны бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Оның ішінде 550 «Тальго» вагоны және 550 стандартты жолаушылар вагоны бар. Бейнежазбалар Жағдаяттық орталыққа келіп түседі. Онда мамандар тәулік бойы жедел мониторинг жүргізіп, штаттан тыс жағдайларды талдайды және қажет болған жағдайда жедел әрекет ету шараларын қабылдайды, – деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
 

Главный баннер --> after article