Қасиетті Рамазан айында пойызда қызмет көрсететін мейрамханалар жаңа жұмыс кестесіне көшті. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы хабарлайды. Жаңа кестеге 40 мейрамхана көшкен. Бұрындары вагон-ресторандар күн сайын сағат таңғы сегізден түнгі он екіге дейін жұмыс істеген еді. Ораза ұстаушы жандарға ыңғайлы болу үшін мейрамханалар жұмысын таңғы төрт-бесте бастайды.

— Рамазан айында вагон-ресторандарда арнайы әзірленген мәзір топтамалары ұсынылады. Ауызашар кезінде вагон-ресторандарда жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі. Бұл уақытта пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды, – деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.