Қазақстанда коуч-тренерлердің бірыңғай ұлттық тізілімі құрылады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жаңа ереже
Реестр career.enbek.kz платформасы базасында кәсіби стандарт негізінде жасалады. Үкімет коучинг пен психологиялық қызметтерді лицензиялауды қарастыратын жеке заң қабылдауды жоспарламаған. Оның орнына халықаралық тәжірибеде кең тараған “кәсіби стандарттар мен өзін-өзі реттеу жүйесі” енгізіледі.
Министрлер кабинетінің мәліметінше, АҚШ, Еуроодақ, Жапония және Ресейде коучтердің қызметі мемлекеттік лицензиямен емес, салалық ассоциациялар жүргізетін кәсіби сертификаттау арқылы реттеледі.
Сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” заңға өзгерістер әзірленген. Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған түзетулер коучтерге кәсіби біліктілігін растайтын сертификат ұсынуды міндеттейді. Сондай-ақ жалған жарнама мен адастыратын ақпарат таратуға тыйым салынады. Алаяқтық белгілері анықталған жағдайда әрекеттер Қылмыстық кодекс шеңберінде бағалануы мүмкін.
Халықаралық коучинг федерациясымен (ICF) бірлесіп әзірленген “Коучинг қызметі (коуч)” кәсіби стандарты да БҒМ-де келісу сатысында тұр. Құжат бизнес, карьералық, лайф-коучинг және білім беру сынды тоғыз бағытты қамтиды. Коучтерді даярлау, сертификаттау және тізілімге енгізу процесі ICF арқылы жүргізіледі.
Үкімет сертификатталған мамандар реестрі азаматтарға сапалы қызмет алуға кепіл беріп, нарықты ретсіз коучингтен тазартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Депутаттар мәлімдемесі
Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жалған коучтар мен рухани алаяқтар қоғам үшін қауіпті құбылысқа айналғанын мәлімдеген еді.
Ол мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдады.
—Кейінгі уақытта елімізде кеңінен таралыпкеткен сан алуан эзотерикалық, псевдоспихологиялық жалған ілімдер мен секталардың әсіре белсенділігі қатты алаңдатып отыр. Өздеріне жалған диплом жасатып, атағы жер жаратын "академиялардың", әлемдік "ұйымдардың" атынан сөз сөйлеп жүрген бақсы-құшнаштың, тренер-коучтердің шараларының саны күн санап артып келеді, - деді ол.
Депутаттың сөзінше, мұндайлардың жарнамасы да жер жарады.
—Қай бір сайтты, әлеуметтік желіні ашып қалсаң болды, әлемнің барша құпиясын меңгерген, адамның жан дүниесінің бүкіл кілтін беліне байлаған мамансымақтар көпшілікпен кездесулер, курстар, семинарлар өткізіп жатады. Өкініштісі, мұны жекелеген адамдардың өз таңдауы, жеке құқығы деп те айта алмаймыз. Руханиалаяқтар мемлекететтік мекемелерге, квазимемлекеттік сектордағы ұйымдарғадейін жетіп, мемлекеттік, қоғамдықпроблемаға айналғанын байқап отырмыз, - деді Сарым.
Айдос Сарым соңғы кездері елімізде"Сюцай" деп аталатын курстар қаулап тарап жатқанын жеткізді.