«Қазақмыс» корпорациясы тау-кен металлургия кешеніне инженерлерді даярлау және қолданбалы ғылыми шешімдерді енгізу мақсатында мемлекеттік органдармен, ғылыми және білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүйелі түрде дамытып келеді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің жұмыс кездесуінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, инженерлік және ғылыми кадрларды даярлау, сондай-ақ өндірістік үдерістерді цифрландыру мәселелері талқыланды.
Тараптар Colorado School of Mines пен Ұлытау университетінің бірлескен филиалын ашу бастамасына ерекше назар аударды. Жобаны іске асыру білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын дамытуды, халықаралық білім беру стандарттарын енгізуді және Ұлытау облысының ғылыми-білім беру әлеуетін нығайтуды көздейді.
Білім беру моделін талқылау барысында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайын тең үлес негізінде студенттерді үш дипломды бағдарлама бойынша оқытуға 100 грант бөлетін болды. Бұл бастама бес жылға жоспарланған және Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия елдерінде де индустрияны дамытуға, сондай-ақ жоғары білікті инженерлердің тұрақты ағынын қалыптастыруға бағытталған.
Кадр даярлау бағытында «Қазақмыс» корпорациясы индустриялық PhD бағдарламасын іске асыруға қатысады. Қазіргі кезде корпорацияның 15 қызметкері тау-кен ісі және металлургия саласындағы бейінді бағыттар бойынша білім алуда. Бағдарлама ғылыми әзірлемелер мен заманауи технологияны өндірістік үдеріске тікелей енгізе алатын мамандарды даярлауға бағытталған.
Корпорация қызметкерлерін оқыту мәселесінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша ынтымақтастық орнату мүмкіндігі, сондай-ақ бірлескен білім беру және тәлімгерлік бастамаларды дамыту мәселелері талқыланды
Ғылыми-технологиялық хакатондарды дамыту ынтымақтастықтың жеке бағыты ретінде айқындалды. «Қазақмыс» корпорациясы нақты өндірістік міндеттерді шешуге бағытталған салалық хакатондарды өткізуге қолдау көрсеткен алғашқы өнеркәсіптік компания болды. 2024-2025 жылдары корпорацияның өндірістік және технологиялық алаңдарында екі хакатон өткізіліп, соның аясында 23-тен астам өндірістік міндет қаралды.
Тараптар 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануын ескеріп, биыл өнеркәсіптік цифрландыруды, автоматтандыруды және тау-кен металлургия кешеніне ЖИ шешімдерін енгізуді дамытуға бағытталған үшінші ғылыми-технологиялық хакатон өткізу жоспарын растады.
«Қазақмыс» корпорациясы Ұлытау облысының базасында білім және ғылым инфрақұрылымын дамытуды өңірдің тұрақты дамуы мен өндірістің технологиялық деңгейін арттырудың негізгі факторларының бірі ретінде қарастырады. Ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасын табады.
Читайте также
Как ЗКО развивает зелёную энергетику и зачем строит ветровую электростанцию
В регионе уже используют солнечные батареи, а сейчас началось строительство крупной ветровой электростанции. Проект стоимостью 21 млрд тенге...
Ждать ли подорожания муки и риса? В Минсельхозе прокомментировали риски дефицита
Поводом для беспокойства стало уменьшение территорий под зерновые культуры.
"Ваш бизнес приостановят": как мошенники обманывают казахстанцев под видом налоговиков
Преступники выдают себя за инспекторов и требуют "обновить данные" под угрозой блокировки счетов.
Жители Уральска возмутились очередной вырубкой деревьев в центре города
На вырубленном участке ведутся работы по благоустройству.
Гранатомет и около 350 кг взрывчатки обнаружили сотрудники КНБ в ходе спецопераций в апреле
Масштабные рейды прошли в Алматы, Шымкенте и нескольких областях страны.
Атырауда 90-нан астам адамға қорғау нұсқамасы берілді
Атырауда «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Кого ищут работодатели: самые дефицитные профессии в Казахстане назвали в Минтруда
Минтруда опубликовало список специальностей, по которым в стране сохраняется самый острый кадровый голод. В антирейтинге востребованности ли...
Оралда заңгерлер тегін кеңес береді
13 мамырда ашық есік күні ұйымдастырылады.
ЗКО и Актюбинская область: в Минэкологии рассказали, в каких регионах есть риск засухи
Несмотря на общую норму осадков в зерносеющих регионах, на западе и юге Казахстана возможен дефицит влаги.
Вам может быть интересно
Как ЗКО развивает зелёную энергетику и зачем строит ветровую электростанцию
В регионе уже используют солнечные батареи, а сейчас началось строительство крупной ветровой электростанции. Проект стоимостью 21 млрд тенге...
Ждать ли подорожания муки и риса? В Минсельхозе прокомментировали риски дефицита
Поводом для беспокойства стало уменьшение территорий под зерновые культуры.
"Ваш бизнес приостановят": как мошенники обманывают казахстанцев под видом налоговиков
Преступники выдают себя за инспекторов и требуют "обновить данные" под угрозой блокировки счетов.
Жители Уральска возмутились очередной вырубкой деревьев в центре города
На вырубленном участке ведутся работы по благоустройству.
Гранатомет и около 350 кг взрывчатки обнаружили сотрудники КНБ в ходе спецопераций в апреле
Масштабные рейды прошли в Алматы, Шымкенте и нескольких областях страны.
Атырауда 90-нан астам адамға қорғау нұсқамасы берілді
Атырауда «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Казахстанских школьников подозревают в серии фейковых терактов
В Казахстане подростков заподозрили в серии ложных сообщений о терактах. Ученик 9 класса из Восточно-Казахстанской области после конфликта в...