28 марта в 17:30

Қазақстанда 461 кәсіпорынды жекенің қолына беруі мүмкін

Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров елімізде 461 кәсіпорынды жекеменшікке беруді ұсынды.

Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров елімізде 461 кәсіпорынды жекеменшікке беруді ұсынды.
иллюстрациялық фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ұлттық жекешелендіру кеңсесінің мүшелері бас қосты. Жиында жекешелендіруге жататын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін қалыптастырып, жекенің қолына беретін субьектілердің тізімі талқыланды. Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров 461 кәсіпорынды жекеменшікке беруге таңдалғанын айтты.

— Кәсіпорындардың қалыптасқан пулы реформалар жөніндегі жоғары кеңеске жіберіледі, содан кейін жекешелендірудің кешенді жоспарына енгізіледі. Бұл жұмыстың аяқталуы 2028 жылдың соңына дейін жекешелендіру барысының мониторингі болады», – деді Марат Омаров.

Жиында жеті футбол клубын жекешелендіру ұсынылып отыр. Бұл туралы президент Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда олардың коммерциялануы мен облыстық бюджетке тәуелсіз, өздігінен қаржыландыру үшін қажет деп айтқан-ды. 

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық жекешелендіру кеңсесі 2024 жылғы 28 мамырда президенттің «Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» жарлығы аясында құрылды.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp