Қазақстанда 6 тонна есірткі тәркіленген

Ел аумағында 103 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылған.

Қазақстанда 6 тонна есірткі тәркіленген
ПД видеосынан стоп-кадр

Қазақстанда биылғы жылдың төрт мыңға жуық есірткіге қатысты қылмыс тіркеліпті. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті хабарлады. 

Ведомство өкілдері алты тоннадан астам есірткі заттары тәркіленіпті. Оның 570 келісі синтетикалық есірткі екен. Ел аумағында 103 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. Есірткі заттарын егудің 218 фактісі және 63 контраба тіркеліпті.

— Жастар арасында танымал есірткі сайттарын бұғаттау үш есеге артты. Олардың саны 17 мыңнан асады. Сонымен қатар күмәнді операцияларға қатысы бар 24 мың шот бұғатталды, оларда 2,4 миллиард теңге жинақталған. Есірткі профилактикасы ерекше назарда. 11 мыңнан астам есірткіге қарсы іс-шара өткізіліп, оған бір миллион жастар мен жасөспірімдер қатысты. Есірткі қылмысына қарсы күрес қоғамдық қауіпсіздік пен болашақ ұрпақты қорғау мақсатында күшейтілген тәртіпте жалғасатын болады, — деді Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Тіркелген есірткі қылмысының 1800-ден астамы ауыр және аса ауыр қылмыс екен. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару фактілері бойынша 21 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде екеуі трансұлттық сипатта. 11 көшбасшы және 43 қатысушы ұсталыпты.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp