Өткен жылы ел аумағында 73 мейрамхана ашылды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Іске қосылған бизнес субъектілерінің басым бөлігі Түркістан облысында орналасқан. Аталған өңірде 28 жаңа мейрамхана пайдалануға берілген. Қызылорда облысында сегіз мейрамхана өз жұмысын бастаған. Сонымен қатар 2025 жылы ел бойынша 92 кафе ашылды. Олардың жалпы құны 14,2 миллиард теңгені құрайды. Жаңа тамақтану орындары 6 696 орынға есептелген.

– Өңірлер арасында кафелердің ең көп ашылуы Түркістан (21) және Қызылорда (14) облыстарында тіркелді. 2024 жылы ел бойынша 75 кафе пайдалануға берілген. Сондай-ақ есепті кезеңде 1 417 орынға есептелген 14 асхана және 26 орындық үш жылдам тамақтану кәсіпорны ашылды, – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.