Елімізде бірнеше жыл бұрын әйелдерге арналған вагон іске қосылды. Осы жаңашылдық енгізілгелі арнайы вагонға 856 мың билет сатылған. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Ақционерлік қоғамның таратқан ақпарына сүйенсек, өткен жылы осы вагонға 260 адам билет сатып алған. Биыл 65 мың жолаушы әйелдерге арналған вагонды таңдапты.

Бүгінгі таңда әйелдерге арналған вагон 12 бағытта қатынайды:

  • №77/78 «Алматы-2 – Маңғыстау»;

  • №351/352 «Алматы-2 – Өскемен-1»;

  • №45/46 «Павлодар – Түркістан»;

  • №37/38 «Маңғыстау – Семей»;

  • №47/48 «Атырау – Нұрлы жол»;

  • №33/34 «Алматы-1 – Ақтөбе»;

  • №9/10 «Нұрлы жол – Алматы-2»;

  • №71/72 «Нұрлы жол – Шымкент»;

  • №354/353 «Нұрлы жол – Семей»;

  • №24/23 «Ақтөбе – Алматы-1»;

  • №25/26 «Алматы-2 – Шымкент»;

  • №614/613 «Орал – Маңғыстау».

Арнайы вагондардың билеті тек әйел адамдарға сатылады. Бұл вагондарда жол серікте тек әйел адам қызметі көрсетеді. Жеті жасқа дейінгі ұл балаларға анасымен бірге жол жүруіне рұқсат етілген.

Нәзік жандылар арнайы вагонның билетін вокзал кассаларынде немесе немесе bilet.railways.kz ресми сайты арқылы онлайн сатып ала алады.

Жолаушылар билеттерді пойыз жөнелтілгенге дейін 45 күн бұрын сатып ала алады. Билетті онлайн рәсімдеген кезде «әйелдерге арналған» белгісі бар орындарды таңдау, ал кассадан алған жағдайда әйелдер вагоны қажет екенін кассирге алдын ала ескерту жеткілікті.

Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін алуға болады.