Қазақстанда докторантураға түсу талаптары өзгеріске ұшырады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Treads әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді. Депутаттың хабарламасына сенсек, енді дене шынықтыру, музыка, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті бойынша білім алатындар үшін ағылшын тілі сертификаты талап етілмейді.
— GRT мен Gemini шыққанға дейін бұл талаптар орынды болса, қазір жағдай өзгерді. Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап эссе орнына Research Proposal енгізу ұсынысым қабылданды. ЖБҒМ бұл шешім үшін рақмет! Scopus және басқа да мәселелер бойынша жұмыс жалғасады, — деп жазды Асхат Аймағамбетов.