Еліміздің Ұлттық статистика бюросы мамыр айындағы инфляцияны жария етті. Мамырда елдегі қымбатшылық 0,7 пайызға артқан. Ал, жылдық мәнде мамырдың инфляциясы 10,4 пайызды құрапты.

Ұлттық статистика бюросы азық-түлік тауарларының бағасы 0,4 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 0,6 пайыз, ал ақылы қызметтер 1,1% өскен.

– Бағаның өсуі байқалды: қой еті 4,7%, сиыр бауыры мен майдағы шпроттар 3,3%, алма 3,1%, шұжық 1,7%, ішетін сүт 1,1%, жұмыртқа 0,6% және айран 0,4% қымбаттады, – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Азық-түлік өнімдері арасында қияр бағасы 25,4%-і, қызанақ 25,1%, тәтті бұрыш 8,3%, сарымсақ 3,1%, мандарин 2,6%, қызылша 2% төмендеді. Сондай-ақ күнбағыс майы мен консервіленген жүгері бағасы 0,4% арзандады.