9 часов назад

Қазақстанда шәкіртақы көбейеді

1 қыркүйектен бастап елімізде стипендия көлемі ұлғаймақ.

1 қыркүйектен бастап елімізде стипендия көлемі ұлғаймақ.
Фото "ЖИ" көмегімен жасалды

Қазақстандық студенттер үшін қуанышты жаңалық. 1 қыркүйектен бастап шәкіртақы көбейеді. Бұл туралы үкімет отырысында ғылым және жоғарғы білім министрінің орынбасары Талғат Ешенқұлов хабарлады. Вице-министр студенттерге арналған  мемлекеттік қолдауды баяндап берді.

— Соңғы бес жылда Қазақстанда гранттар саны 1,4 есеге өсті. 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінді. Сонымен қатар биылғы жылы бірінші қыркүйектен бастап білім алушылардың стипендиясының өлшемі өседі. Бакалавриат үшін стипендияның өлшемі 52 372 теңге, магистратурада 117 098 теңге және докторанттар үшін 262 500 теңгені құрайтын болады. Яғни, биыл бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады,— деп атап өтті вице-министр Талғат Ешенқұлов.

Елімізде жоғарғы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі енгізілді. Ол қолдау шараларын біріктіреді. Бүгінгі таңда ашылған шоттар саны 102 мың салымды құрайды. Студенттердің алаңсыз білім алуы үшін жатақханамен қамту маңызды. Министрлік таратқан ақпарға сүйенсек, 2019 жылы жатақханада 82500 орын тапшы болды. Ал, өткен жылы бұл көрсеткіш 14 мыңнан асып жығылды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жатақханаларда орын беру жөніндегі мемлекеттік қызмет проактивті формат бойынша ұсынылады екен.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp