Қазақстандық IT-компаниялар кәсіпорындарды цифрландыруға көмектеспек. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.

Компания басшылары мен кәсіпорын жетекшілері осы сауалды талқылау үшін арнайы кездесті. Іс-шараға ARCOBO, Tems.AI, SafeSight AI, AIGINEER және «Цифрлық техника және технологиялар институты» өкілдері қатысты.

Кездесу барысында роботтандырылған жүйелер, ЖИ-платформалар, бейнеталдау және цифрлық көмекшілер бойынша нақты тәжірибелер ұсынылды. Бұл шешімдер өндірістегі қол еңбегін азайтып, үдерістерді жеделдетуге, сапаны жақсартуға мұрындық болмақ.

Жиын соңында қос тарап цифрландыру үдересін ілгерлетіп, жаңа жобаларды енгізуге және серіктестікті кеңейтуге мүдделі екенін растап, қоян қолтық жұмыс істеуге келісті.