Биыл елімізде жаңа салық кодексі қабылданды. Сол себепті кәсіпкерлер салық режимін таңдауы шарт. Олар 2026 жылдың бірінші наурызына дейін таңдауын жасады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің таратқан ақпарына сүйенсек, 1,2 миллионнан астам кәсіпкер оңайлатылған декларация режімін таңдапты. Сала мамандары бұл режим шағын және орта бизнес өкілдері арасында сұранысқа ие екенін айтады. Бұл режим жылдық табысы 600 000 айлық есептік көрсеткіш, шамамен 2,6 миллиард теңгеден аспайтын кәсіп иелеріне қолжетімді. Әрі жұмысшылардың санында шектеу қойылмайды екен. Бұл азаматтарды ресми жұмысқа қабылдауға кедергі келтірмейді. Оңайлатылған декларация иелері қосымша құн салығынан босатады. Декларация тапсыру және салық төлеу жылына екі рет жүзеге аспақ.Сала мамандары бұл шарттар бизнесті жеңіл жүргізуге көмектеседі деп сенеді.
– 346 мың азамат өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы режимді қолданады, оның ішінде 265 мыңы – жаңа қатысушылар. Бұл 265 мың адамның “көлеңкелі” жұмыспен қамтудан шығып, ресми түрде жұмыс істей бастағанын білдіреді, – деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.
Өзін-өзі жұмыспен қамту режимін кімдерге қолдана алады?
Жаңа режимге ай сайынғы табысы 300 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 1,3 миллион теңгеден аспауы шарт. Жалдамалы жұмыскерлері жоқ. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, рұқсат етілген қызмет түрін көрсететін, бұрын патент немесе арнайы мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген Қазақстанның азаматтары мен қандастар қолдана алады. Бұл режимнің артықшылығы жеке кәсіпкер ретінде тіркелмейді әрі жеке табыс салығынан босатылады.
– Табыстың төрт пайызы мөлшеріндегі бірыңғай әлеуметтік төлем төленеді, оған зейнетақы, әлеуметтік және медициналық жарналар кіреді. Бұл режим ресми түрде жұмыс істеуге, зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және әлеуметтік қорғау алуға мүмкіндік береді, – деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.