Елімізде мамырда күн салқындап, жауын-шашын көп жауады. Бұл салқындықты ел арасында Құралай салқыны деп атайды. Осы салқын жайында ғалымдардан сұрап білдік.
Махамбет Өтемісов атындағы университеттің оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты Асқарбек Ерғалиев табиғаттың тосын мінезін түсіндіріп берді. Ғалым мамырда бірнеше салқындық болатынын айтады. Құралай салқыны мамырдың 15-19 аралығында басталады екен. Құралай салқыны еліміздің орталық, батыс, солтүстігінде әртүрлі басталады. Және жыл сайын күні өзгеріп отырады. Бұған көктемнің ерте шығуы, қыстың қалай өтуі әсер етеді.
Ғалым киіктерге тоқталды. Ақбөкен — көбеюіне көп күш жұмсайтын жануар. Күзде күйік кезеңінде аталықтары әлсіреп, өліп қалады екен. Көктемде аналықтары төлдеу бастайды.
– Эволюция барысында бұлар соңғы мамырдың салқындықтарын төлдерінің толық өріп кетуіне пайдаланады. Оның қандай себептері бар? Себептеріне келетін болсақ, мамырдың соңғы суықтарында күннің ультра күлгін сәулелерінің күшеюі байқалады. Сонымен бірге салқын ауа райының тропосфераның Артикадан циклондардың келуі байқалады. Бұл кезеңде жәндіктер, бактериялардың қатты, қарқынды дамуына тежеліс болады. Уақытша болса да тежеліс болады. Бұл кезеңде төлдеп жатқан киік аналықтардың несеп шығару жолдарына, төлдеген уақытта түрлі сұйықтықтар бөлінеді. Бұдан басқа төлдердің кіндіктері болады. Кіндіктеріне жәндіктер өздерінің жұмыртқаларын тастап, мияз сияқты аурулардың дамуына себеп болуы мүмкін. Ал енді мынандай ультра күлгін сәулелер мен салқын ауа райының бір-бірімен алмасып тұруы потогенді бактериялардың, жәндіктердің көбеюіне теріс әсер етеді, - дейді Асқарбек Ерғалиев.
Биология ғылымдарының кандидаты құралай салқынында жел әркелкі соғатынын айтады. Соның арқасында жаңадан төлдеген киіктердің шуы мен сұйықтары жерге тез сіңіп, жыртқыш аңдар киіктер мен олардың төлдерін таба алмайды. Бұл ақбөкендердің төлін өргізуіне көп көмегін тигізеді. Құралайда күн салқындап, жауын-шашын көп жауғанда жыртқыш құстар мен аңдар көп аң ауламайды. Ғалым құралайдың салқыны жануарларға тек пайда береді деген жаңсақ пікір екенін айтады. Мамырдағы салқындықтың кесірінен киіктің төлі қыдырып, мол шығынға да ұшырау мүмкін.
- Қыстау кезегінде киіктің аналықтары тебіндікте мұз көп болып, олар азық таба алмаса, эмбрионалды кезеңі өте қиындықпен өтсе, төлдер әлсіз туылады. Бұл салқындық керісінше салқын тигізіп, пневмония сынды өкпе ауруларының таралуына себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге орталық, солтүстік Қазақстанда мамырда болатын Құралай суықтықтары салқын қармен келуі мүмкін. Немесе ұзақ уақыт тұрып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда төлге кері әсер етеді. Дегенмен эволяция барысында табиғаттың өз бетімен осы жануарлардың санын реттейді. Бұл құралайдың жылы болуы, ұзақ уақытқа созылмауы киіктердің төлдеуіне қолайлы, - дейді Асқарбек Ерғалиев.
Құралайдың салқыны киіктің төлін өргізіп, олардың аяқтануына септігін тигізеді. Және жануарлардың санын табиғи тұрғыда реттеп отырады. Мамырда киіктен бөлек, құстар жұмыртқа салып, өзге де жануарлар төлдеуге кіріседі.
«Қазгидромет» мекемесінің мамандары мамыр айына арналған болжамдарын жариялады.
Мамырдың алғашқы онкүнтігінде түнде ауа температурасы +5+10 градус жылы, ал күндіз +17+22 градус жылы болады деп күтілуде.
Екінші онкүндікте түнде +1 градус жылы болып, күндіз күн райы +15-20 градус жылы болмақ.
Ал, мамырдың соңында +6+11°С, күндіз +20+25°С, кейін түнде +18+23°С, күндіз до +32+37°С болады деген болжам бар. Мамырда жауын-шашын да мол жауады деп күтілуде.