Социум
Рухани жаңғыру бойынша ауқымды жұмыс басталады
Өңірде тарихи-мәдени ескерткіштердің электронды картасы жасалады. «Туған жер» жобасы бойынша бірыңғай интернет-портал құрылады. Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша ғалымдар, өлкетанушылдар, мұғалімдер мен мектеп оқушылары, еріктілер ауқымды жұмысты бастайды. Бүгінде 80-нен астам іс-шараның жиілік кестесі жасалған. Облыстық әкімдікте өткен алқалы жиында Елбасы мақаласында жүктелген бірегей жобалар мен міндеттерді жүзеге асыру жайы талқыланды. Сөзден іске көшу. Өңірде рухани өмірді, қоғамдық сананы жаңарту бағытында ауқымды жұмыс басталмақ. Мәселен, «Туған жер» бағдарламасы бойынша жасалған облысты