Салық қарызын 1414 қоңырау шалып, білуге болады
БҚО мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық бережегін 1414 қоңырау шалып, білуге болады деп хабарлады.

Қазақстандықтар салық берешегін 1414 хабарласып, біле алады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.
Департамент қызметкерлері:
— Мемлекеттік кірістер комитеті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп Бірыңғай байланыс-орталығында салық берешегінің бар/жоқтығын автоматты тексерудің тез бейімделетін сервисін іске қосты. Ол үшін жеке тұлғаға 1414 нөміріне қоңырау шалып, дауыстық роботқа қарыз туралы сұрақ қоюы жеткілікті,- дейді.
Абонентті сәйкестендіру телефон нөмірі және абоненттің жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы автоматтандырылған тәртіппен мобильді азаматтары базасында тіркелген нөміріне жіберілетін SMS -коды бойынша қамтамасыз етіледі.
Салық берешегі болса, робот қоңырау шалған адамға айтып, артынша телефонға смс хабарлама жіберіледі.