11 часов назад

Сәуірде Қазақстанда инфляцияның жылдық көрсеткіші 10,7% жетті

Ел аумағында инфляция үдей түсті.

Сәуірде Қазақстанда инфляцияның жылдық көрсеткіші 10,7% жетті
Фото "ЖИ" көмегімен жасалды

Ел аумағында инфляция үдей түсті. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады. Сәуір айында инфляцияның жылдық көрсеткіші 10,7 пайызға жеткен. Баға 18 өңірде өскен. Ең жоғарғы көрсеткіш елордада тіркелген. Астанада қымбатшылық 13,8 пайызды көрсетіпті.

Елімізде азық-түлік бағасы жылдық мәнде 8,5 пайызға өсіпті. Ең жоғары өсім Ақмола облысында тіркелген. Азық-түлік бағасы ең аз Алматы мен Қызылорда облысында қымбаттапты. Тауарлар бағасы да қымбаттап жатыр. Қымбатшылық Түркістан облысында тіркелген. Қазақстанда ақылы қызмет құны да қымбаттап жатыр. Оның жылдық мәні 15,7 пайызға қымбаттапты. Ең жоғары өсім Алматы да тіркелсе, ең төмен өсім Павлодар облысында екен.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp