Шекара қызметінің құрылғанына - 25 жыл
Биыл ҚР ҰҚК шекара қызметінің құрылғанына 25 жыл толды. Мерейлі күнге орай әскери қызметкерлер мен сала ардагерлерінің қатысуымен салтанаты жиын өтті. Бүгінде облыстың өзге елмен шектесетін мың шақырымнан астам аумағын 1000-ға тарта адам қалтқысыз күзетеді. Олардың бүгіні мен ерен еңбегі жайлы келесі сюжетте. Ел шекарасының жалпы ұзындығы 15 мыңнан астам шақырымға созылып жатыр. Қазақстан 5 мемелекетпен шектеседі. Әуеде де, суда да, құрлықта да ел іргесінің бүтіндігін 20 мыңнан астам адам көздің қарашығындай қорғайды. Өңір шекарашылары да ел қауіпсіздігін сақтау жолында еселі еңбек етіп жүр. -