Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданына қарасты Май ауылдық округінің әкімі өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды, деп хабарлайды Мой Город.
Алдын ала дерек бойынша, ауыл әкімі Ерлан Смаилов суицид жасаған.
Белгілі болғандай, ол бұл қызметке 2026 жылғы 17 ақпанда тағайындалған. Бұған дейін “Майское-Агро” ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарған.
Қайғылы оқиға 18 мамыр күні тіркелген. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында да осындай жағдай тіркеліп, қызметінен босатылғаннан кейін экс-әкімнің қаза тапқаны хабарланған болатын. Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі күйінде табылғаны жөнінде облыс әкімдігі растаған.