Қонаев қаласындағы Орталық саябақта жазушы Бердібек Соқпақбаев пен «Менің атым Қожа» шығармасының кейіпкеріне арналған ескерткішке шығып, орынсыз әрекет жасаған 17 жастағы жасөспірім полиция қызметкерлерімен ұсталды, деп хабарлайды Мой Город Politico.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде мәдени нысанға өрмелеп, қоғамдық тәртіпті бұзған жасөспірімдердің видеосы тарағаннан кейін құқық қорғау органдары жедел тексеру жүргізген. Нәтижесінде оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмаған анықталып, қолға түскен. Қазіргі уақытта ол арнайы кәмелетке толмағандарға арналған мекемеде тәрбиеленуде.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сот қарауына жіберілген.
Сонымен қатар, жасөспірімнің заңды өкілінің қатысуымен қоғамдық орындардағы тәртіп пен жауапкершілікке қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілген.