Өнер иесі бұл қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Жазбасынан белгілі болғандай, жұбайы актерден 25 жасқа кіші.
“Көп адам сезіп жүрген шығар. Өзімнен 25 жас кіші. Жүрегім тыныш… көзім бақытты… Қалғанын кейін айтамын. Әзірге бәрін айтпай-ақ қояйын”, – деп жазды актер.
Актердің бұл жаңалығын әріптестері мен оқырмандары құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Дегенмен желі қолданушыларының бір бөлігі оның жеке өміріндегі қуанышынан бөлек, жұбайының жас айырмашылығына назар аударған.
“Қызымен дерлік жасты, педофил ме немене”, “Қасқа, қыздың мұндай қадамға баруына не түрткі болды екен”, “Қазіргі еркектердің көзі қарайған, қызымен жас қыз алып, ана қыз атағы үшін тиген шығар”, “Пранк болса деп армандаймын, әйтпесе әкесімен жасты еркек қой”, “Жап-жас болып, шалды не істемекші”, “Кәрі шал, ұялмайсың ба?” – деп жазды олар.