Тұрғын үй кешенін жаңғырту жалғасуда
25-ші Чапаев дивизиясы көшесіндегі, № 2 үйді жаңғырту жақында ғана аяқталды. Шұрық-тесік шатыр толық алмастырылып, бес қабатты баспанының өңі кіріп қалды. - Осы үйде тұрғанымызға 37 жыл. Соның 20 жылы төбеден сорғалап су ағумен болды. Қазір жаңарту аяқталды, шатырға қояр сынымыз жоқ. Разымыз. Енді жылыту жүйесін жөндесе тіпті керемет болар еді деді, - үй тұрғыны Николай Баркалов. Сондай ақ көпқабатты үйдің кәріз желісіндегі ақаулар да жойылды. Бұл жұмыс 128 пәтер иелерінің ортақ өтініші бойынша іске асты. - Үй үлкен, 11 кіреберісі бар. Проблемасы бастан асты. Төбе жабу кезінде үнемделген ақшағ