Социум
Тұтынушылар қарызы 1 миллиард теңгеден асқан
Орал қаласының тұтынушылары биылғы қыста жылусыз қалуы мүмкін. Негізгі жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорын басшылығы осылай деп отыр. «Жайықжылуқуат» АҚ-ның көрсеткен қызмет үшін тамыз айының басында тұтынушылардан алажағы 452 миллион теңге болса, есесіне, «Қазтрансгазаймаққа» көгілдір отын үшін бережағы 471 миллион теңгеден асқан. Соңғылары төленбеген ақы үшін жылу беруші кәсіпорынды бірнеше рет сотқа берген. Жылу беруші кәсіпорын биылғы жылу беру маусымына 100 пайыз дайынбыз дейді. Осы уақытқа дейін өз қаражаты есебінен 295 миллион теңге бөлініп, барлық жылыту қазандықтары күрделі жөндеуден ө