Тікелей эфирде әкімге 300-ден астам сауал түсті
«Ақжайық» телеарнасында облыс әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен «Әкім сағаты» бағдарламасы өтті. Осымен екінші рет ұйымдастырылған тікелей эфирде өңір басшысы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, тұрғындардың сауалдарына жауап қатты. Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамту, Елбасы тапсырмасы. «Әкім сағаты» жобасы бұл бағыттағы маңызды қадам. Әкім алдымен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы, өндірістің өрісі, кәсіпкерліктің аяқ алысы, құрылыстың қарқыны қазіргі таңда қуантады. Аталған салаларда өсім бар. Әсіресе Оралды гүлдендіруг