Ұшақта жолаушы есінен танып қалды: Атыраулық шенеунік дер кезінде көмекке келді
Оқиға 9 шілдеде «Атырау-Астана» бағытында қатынайтын ұшақта тіркеліпті.
2025 жылдың тоғызыншы шілдесінде ұшақта егде жастағы жолаушының денсаулығы сыр беріп, есінен танып қалады. Ұшақ «Атырау-Астана» бағытында қатынайды. Саулығы сыр берген жолаушыға Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев пен Алматы қаласындағы “Arsamed” клиникасының дәрігері Зағира Анық бірлесе шұғыл медициналық көмек көрсетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Ведомтсво өкілдері: «Дәрігерлердің кәсіби дайындығы мен үйлесімді әрекетінің арқасында жолаушының жағдайы аз уақыттың ішінде тұрақталып, ұшақ қонғанға дейін бақылауда болды», - дейді.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты екен. Ұшақта жолаушыға көмектескен басқарма басшысы Атырау облысында 2021 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді.