• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

323 турист Дубай мен Абу-Дабиден елге оралды

FlyDubai әуе компаниясының ұшағы қазақстандық туристермен Алматыға қонды.
323 турист Дубай мен Абу-Дабиден елге оралды

Таяу Шығыстағы шиеленіскен жағдайға байланысты Дубай мен Әбу-Дабидегі бір топ қазақстандық туристтің елге оралуына қиындады. 15 маусымда 323 жолаушы аман-есен елге оралды. FlyDubai әуе компаниясына тиесілі  ұшақ қазақстандық туристермен Алматыға қонды. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады. 

Таяу шығыстағы жағдайға байланысты Дубай мен Абди-Дабиге қатынайтын рейс тоқтаған еді. Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігіне, сондай-ақ осы мемлекеттермен шектес аумақтар арқылы ұшуға тыйым салды. FlyDubai рейстері 15 маусымда сағат 02:45 пен 06:23 аралығында аталмыш елдердің әуе кеңістігін айналып өтіп, 13 маусымдаҚазақстанға  ұша алмаған 332 туристі және жоспарлы жолаушыларды жеткізді. 

Главный баннер --> after article