Вице-Премьер Орал қаласында цифрландырудың жүзеге асуымен танысты
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өз стратегиясында жүктеген тапсырмаларының бірі-цифрландыру жүйесіне көшу. Мемлекеттік қызметтің осындай жүйемен көрсетілуі пара беру, жемқорлық сынды қылмыстардың алдын алуда тиімді деп саналады. Аймаққа іс сапармен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Елбасы жүктеген осы тапсырманың қалай орындалып жатқанын білу үшін бірнеше нысанды аралап көрді. Соның бірі-Орал қаласының əкімдігі ғимараты. Əкімдікке келген азаматты табалдырықтан асқан бойда қарсы алатын "Ашық əкімдік" жаңа форматтағы қызметі уақытты үнемдеп, əр сала маманына кабинет аралап