• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде пайдаланылмаған жер мемлекеттің меншігіне қайтарылды

1,9 гектар жер мемлекет меншігіне өтті.
Ақтөбеде пайдаланылмаған жер мемлекеттің меншігіне қайтарылды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтөбеде пайдаланылмаған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Министрлік таратқан ақпаратқа сүйенсек, мемлекетке қайтарылған жер телімі көпқабатты үй салу үшін жалға алған. Алайда кәсіпкер жалға алған уақыт ішінде жұмысқа кіріспепті. Оған ескерту жасапты. Бизнес субьектісі бұны ескермеген. Бос жатқан телімді қайтару үшін сот процесі өтіпті. Нәтижесінде судья пайдаланылмаған жерді мемлекетке өткізу туралы шешім шығарған.

Сөйтіп, 1,9 гектар жер мемлекет меншігіне өтті.