2026 жылдың үш айында ел аумағында өндірілген алкогольсіз және минералды сусын 1,1 миллиард литр өндірілген. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 28 пайызға көп. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

– Аталған кезеңде өнім экспорты 15,8% төмендеп, шетелге 77,6 миллион литр минералды су мен алкогольсіз сусын жөнелтілді. Сонымен қатар, осы өнім түрі бойынша импорт көлемі 34,2% өсті. Есепті кезеңде елімізге 105,2 миллион литрден астам өнім жеткізілді. Импорттық сусындардың үлесі 9,5% құрады, – деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Үш айда ел аумағында сатылған сусындардың саны 33,9 пайызға артқан. Жалпы Қазақстанда алкогольсіз сусындарды өндірумен 132 кәсіпорын айналысады.