Атырауда 18 шетел азаматы мәжбүрлі түрде елден шығарды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті хабарлады. Тәртіп сақшылары өңірде сот шешімін орындамай жүрген шетелдіктерді анықтау мақсатында іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Соның нәтижесінде сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген 91 шетел азаматы анықталды.
– Заң бұзған шетелдік азаматтар Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжі-авто» бақылау өткізу бекеті арқылы ел аумағынан тысқары шығарылды, – деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаменті.
Елден мәжбүрлі түрде шығарылған адамдарға бес жылға дейін Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салынады.