Атыраудың көшелерін түнгі уақытта кезген жасөспірімдер анықталды. Тәртіп сақшылары арнайы рейд ұйымдастырды. Тексеру барысында 30 жасөспірім түнгі уақытта заңды өкілінің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүргені анықталды. Полиция қызметкерлері көше кезген балалардың ата-анасы айыппұл салды.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарды көзден таса қылмай, түнгі уақытта заңды өкілі немесе ата-анасыз көшеге жібермеуді еске салады. Профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәмелетке толмаған балалар түнгі сағат 23.00-ден таңғы сағат 6.00-ға кейін өздері көшеде серуендеуіне тыйым салынған. Ал, көңіл көтеретін ойын-сауық мекемелерінде сағат 22.00-ден таңғы сағат 6.00-ге дейін заңды өкілінсіз серуендеуіне тыйым бар.