Xiaomi Xiaomi TV S Pro Mini LED 2026 теледидарлар сериясын ұсынды: кинематографиялық сапа және қуатты дауыс үйіңізде
Xiaomi TV S Pro Mini LED 2026 Сериясындағы, алдыңғы қатардағы QD-Mini LED технологиясы базасындағы жаңа деңгейде көруді ұсына отырып, үй ойын-сауығын жаңа деңгейге көтереді. Әрі бұл үлгілер сапына диагоналі 55”, 65” және 75” болатын дисплейлері бар, қонақ бөлмесі, жатын бөлме немесе ойын аймағына арналған оңтайлы нұсқаны таңдауға мүмкіндік беретін үлгілер қосылады.
Mini LED артқы жарығы мен кванттық нүктелердің үйлесім табуының арқасында, Xiaomi TV S Pro Mini LED 2026 теледидарлары терең қара түсті, ашық акценттерді және шынайы реңктерді қамтамасыз етеді. UHD 4K детальдарды айқындау жүйесі ең ұсақ бөліктерді өткізсе, HDR10+ және Dolby Vision®-нің қолдауы, тіпті, ең қатты жарықтандырылған үй-жайлардың өзінде әсерлі санаға кепілдік береді. Filmmaker Mode режимі фильмді режиссердің ойлағанындай – үйде отырып дәл түс беру мен қатар шынайы кинематографиялық әсермен көруге мүмкіндік туғызады.
Xiaomi Visual Engine Pro бейнені өңдеу жүйесінің арқасында бұл теледидар сериясы Low-Reflection технологиясы есебінен, тіпті, ашық күн сәулесі түскен немесе жасанды жарықтандыру кезінде де жылтылдау мен контрастты азайтып, анық айқындық пен шағылысуды төмендетеді. Үлкен аймақты жергілікті күңгірттеу қараңғы сахналардағы егжей-тегжейлілікті күшейтіп, ал қозғалыстыі біртегістігін жақсарту технологиясы спорт және динамикалық эпизодтарды барынша табиғи және бұлдыраусыз көрсетеді.

Дауысты қасыңда тұрғандай сезім тудыратын, қосымша акустиканы қажет қылмайтын – диалогтар, музыка мен арнайы эффектілер кинодағыдай естілуін Dolby Atmos®-тың қолдауы және Harman AudioEFX баптауы бар қуаттылығы 15 Вт-тық екі динамик қамтамасыз етеді.
Ойынқұмарлар үшін бастапқыда 144 Гц, қажет болса 288 Гц-ке дейін арттыруға мүмкіндігі қарастырылған. Соның арқасында жарыс ойындарынан бастап ашық әлемдегі шытырман оқиғаларға дейін бәрі өте тегіс, жылдам және әсерлі көрінеді.
Google TV, Apple AirPlay және Wi-Fi 6-ның қолдауының арқасында әртүрлі құрылғыдан ағындық беріліс пен контент трансляциясы барынша қолайлы болып, Xiaomi TV S Pro Mini LED 2026 Сериясының теледидарларын үй ойын-сауығының, ойындардың және отбасылық демалыстардың әмбебап орталығына айналдырады.
Бағалары мен қолжетімділігі
Xiaomi TV S Pro Mini LED 2026 теледидарлары енді Қазақстанда қолжетімді. Теледидарларды mi.com сайтында, kaspi.kz-тегі Xiaomi Official Store-де, уәкілетті Xiaomi Authorized Store-де, Xiaomi Store Aport Mall East фирмалық дүкенінде, сондай-ақ ресми әріптестерде қолжетімді.
Xiaomi TV S Pro Mini LED 2026 55” - 329 990 теңге
Xiaomi TV S Pro Mini LED 2026 65” - 449 990 теңге
Xiaomi TV S Pro Mini LED 2026 75” - 599 990 теңге