Социум
Зачаган кентіндегі бірнеше көше жолының құрылысы қазанда аяқталады
«Үйіміз орта жолда қалған арал сияқты. Жол жоқ. Белуардан балшық кешіп жүрміз». Бұл Зачаган кенті тұрғындарының бізге айтқан шағымы. Соңғы жылдары бұл аумақтағы жаңа шағынауданда құрылыс қарқын алды. Алайда жоспарлы жұмыста іркіліс бар. Иллюстративное фото из архива "МГ" Күздің жауын-шашыны қаланың асфальтсіз көшелерін ми батпаққа айналдырды. Әсіресе, Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы 83/2-үй мекенжайындағы тұрғындардың өкпесі қара қазандай. «Көктемде топырақты қырып әп-әдемі бастаған еді. Алайда, міне, алты ай жаз өтті жол әлі салынған жоқ» деп наразы халық. Әкімдердің есеп беруде берген уәдесі ж