Без рубрики
Зачаганда дәрігерлік қабылдау орталығы ашылды
Медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру - күн тәртібінен түспейтін тақырып. Халық тығыз қоныстанған Зачаганск кентінде бұл мәселе аса өзекті жайттың бірі болатын. Енді бұл түйіткілдің түйіні тарқамақ. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ базасында дәрігерлік қабылдау орталығы ашылды. Жаңа нысанда 8 мыңдай тұрғынға сапалы медициналық қызмет көрсетудің жан-жақты мүмкіндіктері бар. Осыдан екі жылдай бұрын Зачаганск кентіндегі №6 емхана 40 мыңдай тұрғынға қызмет көрсетсе, бүгінде халық саны 57 мыңнан асқан. Сондықтан да дәрігерлердің жүктемесі артып, келушілерді қабылдауда қиындықтардың туындағаны да р